Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде Құрбан айт намазы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Айт намазынан кейін мешіт жамағаты ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл-күймен жалғастырды. Атап айтқанда, асық ату, садақ ату, қол күрес және арқан тарту сынды қазақтың дәстүрлі ойындары ойнатылды.
Шара барысында жиналған көпшілік рухани серпіліс алып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген мерекелік күн жоғары деңгейде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы