Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің шәкірттері қарттар үйіне қайырымдылық жасады
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің шәкірттері қарттар үйіне қайырымдылық жасады

Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Абдраймқызы Муслима және Дәуірғалиқызы Ақниет Нұртайқызы Индира ұстаздың ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері қарттар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Іс-шара барысында қарттарға арнап дастархан жайылып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Шәкірттер қарияларға құрмет көрсетіп, олардың батасын алып, рухани қолдау білдірді.

Мұндай игі бастама жас ұрпақтың үлкенге құрмет, ізгілік пен мейірім сияқты құндылықтарын арттыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz