Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ 40 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ
ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ 40 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 40 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

Аталған шара барысында мешітке алдын ала тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға құрбандық еті жеткізілді. Қайырымдылық жұмысы мешіт қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен жүзеге асты.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті ұжымы құрбандық шалып, игі іске үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етіп, отбастарыңызға амандық пен береке нәсіп етсін.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz