Үштөбе ауылдық Қажыбай қажы мешітінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға «Берекелі Құрбан айт» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, мейірім мен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсету болды.
Мерекелік кеште Қажыбай қажы мешітінің бас имамы Жандос Әшімұлы алғы сөз сөйлеп, ерекше балалардың ата- аналарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кеш көтеріңкі көңіл күймен басталып, балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды. Көңілді әндер шырқалып, балалар би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты. Әрбір баланың жүзінен шаттық пен бақыттың лебі сезілді.
Іс-шара барысында балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. Ұйымдастырушылар балаларға жүрекжарды тілектерін арнап, Құрбан айттың адамды мейірімге, қайырымдылыққа және қамқорлыққа үндейтін қасиетті мереке екенін атап өтті.
Осындай қайырымды шаралар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, ерекше жандардың жүрегіне қуаныш сыйлайды. Балалардың шынайы күлкісі мен қуанышы – мерекенің ең үлкен сыйы болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы