Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шараның жүзеге асуына қала кәсіпкерлері мен жанашыр жамағат демеушілік жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. Қайырымдылық көмегі аясында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері жеткізілді.
Мешіт ұжымы қайырымдылық шарасына үлес қосқан барлық демеушілерге алғысын білдіріп, мұндай ізгі амалдар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайта түсетінін атап өтті.
Алла Тағала жасаған қайырымдылықтарын қабыл етіп, берекесін арттырғай!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы