Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы орталық Әлихан Бөкейхан мешіті ұжымының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде және ауқымды көлемде атап өтілді.
Мерекелік шараға қала тұрғындары мен мешіт жамағаты көптеп қатысып, айт намазы оқылды. Айт күндері халыққа рухани насихат айтылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды. Сонымен қатар қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен құрбандық еті үлестірілді.
Орталық мешіттің бас имамы Ақниет Сәлімбайұлы қасиетті мерекенің маңыздылығына тоқталып, жамағатты бірлікке, бауырмалдыққа және ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.
Сондай-ақ мереке аясында түрлі игі шаралар өткізіліп, ерікті жастар мен мешіт жамағаты халыққа қызмет көрсетіп, Құрбан айттың рухани құндылықтарын насихаттады.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі Теміртау жұртшылығының ауызбіршілігін арттырып, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы