Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран хатым бағышталды
Бұқар Жырау мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран хатым бағышталды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қалалық Бұқар Жырау мешітінде  Құран хатым дұғасы жасалды.

Аталған шара қасиетті Құран аяттарын толық оқумен басталып, жазықсыз жапа шеккен ата-бабалардың рухына арналып дұға жасалды. Жамағат ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске алып, бейбіт өмір мен ел амандығы үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі.

Дін мен дәстүр сабақтастығын негіз еткен рухани жиынға мешіт жамағаты, ақсақалдар және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлік пен берекені сақтау, өткенге тағзым ету – ұрпақ парызы екенін атап өтті.

Іс-шара соңында мешіт асханасында дастархан жайылып, жиналған 300 адамға ыстық палау таратылды. Жамағат ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі шаралардың қоғамдағы рухани тұтастықты нығайтатынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz