Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран бағышталды
Теміртауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран бағышталды
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы Құран аяттарын оқып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабаларымыздың рухына дұға бағыштады.

Іс-шара барысында ел тарихындағы ауыр кезеңдер еске алынып, халқымыздың азаттығы мен бірлігі жолында құрбан болған азаматтардың ерлігі мен тағдырына тағзым жасалды. Сондай-ақ жиналған жамағат марқұмдардың рухына құран бағыштап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Алла Тағала халқымызға амандық, бірлік пен береке нәсіп етсін! 

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz