Center Image
IHSAN.KZ
Құлайғыр ауылында футбол жарысы өтті
Құлайғыр ауылында футбол жарысы өтті

Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында футболдан жарыс өтті.

Спорттық шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, оларды түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және ауыл тұрғындары арасындағы ауызбіршілік пен достықты нығайту болды.

Жарыстың ашылуында ауыл имамы қатысушыларға ақ батасын беріп, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Бұл өз кезегінде шараның рухани мәнін арттырып, қатысушыларға ерекше серпін сыйлады.

Аса тартысты әрі қызықты өткен дода барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жанкүйерлерге тартысқа толы ойын сыйлады. Нәтижесінде «Қайсар» командасы үздік өнер көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар табысталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz