31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешіті мешітінде рухани іс-шара өтті.
Шара барысында Құран Кәрім аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен, ашаршылық нәубетінің құрбаны болған ата-бабалардың рухына дұға бағышталды. Жамағат ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске алып, бейбіт өмір мен ел амандығы үшін тілек жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы