Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2026» ДІНИ САУАТ АШУ ДӘРІСІ БАСТАЛДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2026» ДІНИ САУАТ АШУ ДӘРІСІ БАСТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Имани жаз - 2026» жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Курстың алғашқы күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жазғы демалыс уақытында діни білім алуға ниеттенген балаларға сәттілік тіледі. Құран оқылып, бата берілді.

Мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дәріс кестелерімен таныстырды.

Ұл балаларға мешіт ұстаздары, ал қыздарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші студенттері білім береді. 

Діни сауат ашу курсында имандылық әліппесі, Құран әліппесі, Мұсылманның 40 парызы бойынша дәрістер өткізіліп, рухани азық болар сабақтар мен ойын-сауық уақыттары да қарастырылған.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz