Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешіті балалар үйіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешіті балалар үйіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің имамы Махмуд қажы Нұрұлы Нұровтың бастамасымен  Қарағанды қаласындағы “Әсем” балалар үйінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай өткен игі шара барысында балаларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, әрбір балаға ерекше ықылас танытылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Мешіт ұжымы мен шәкірттері балаларды алдағы Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, мейірім мен жанашырлықтың мәні насихатталды.

Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қоғамдағы қамқорлық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ мереке күндері олардың көңілін көтеру болды.

Өз кезегінде балалар үйінің ұжымы көрсетілген қолдау мен ықылас үшін ризашылықтарын білдіріп, қайырымды іске атсалысқан барша жандарға алғыстарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz