1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Игі шара Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының бастамасымен өткізіліп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталды. Мереке аясында 25 балаға балмұздақ таратылып, арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Балалардың қуанышына ортақ болған мешіт жамағаты жас ұрпаққа ізгі тілектерін білдіріп, олардың аман-есен өсіп, елдің игілікті азаматтары болуына дұға жасады.
Мұндай шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарының нығаюына да өз үлесін қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы