Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі “Иса молла” мешітінде балаларға арналған “Имани жаз–2026” жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Курстың алғашқы күнінде ұстаз Әлия Рахманқызы шәкірттерге мешіт әдебі, дәрет алу тәртібі және имандылық тақырыптарында тағылымды дәріс өткізіп, рухани тәрбие сағатын жүргізді.
Сонымен қатар, курсқа қатысушы балаларға “Имандылық әліппесі” оқулығы таратылып, алдағы сабақтардың бағыт-бағдары таныстырылды. Жазғы курс барысында шәкірттер діни сауаттарын жетілдіріп, ислам әдебі мен адамгершілік құндылықтарын меңгеретін болады.
Аталған игі бастама жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайтып, олардың бойына имандылық пен көркем мінез қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы