Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: “ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ” ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: “ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ” ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1- маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен зағип жандардың отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған мерекелік шара өтті.

Қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлының ұйытқы болуымен  және дін жанашырларының демеушілік қолдау көрсетуімен арнайы дастархан жайылып, бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.

Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында балалардың көңілін көтеруге арналған түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып, аниматорлар өнер көрсетті. Бүлдіршіндерге ойыншықтар мен сыйлықтар үлестіріліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Шара соңында ата-аналар осындай игі бастаманы жүзеге асырған ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Игі шараға қолдау көрсеткен жомарт жандарға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан арнайы алғыс хат табысталды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz