Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешіті жанынан ұйымдастырылған «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Аталған жоба жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, діни сауаттылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Курс аясында шәкірттерге Құран әліппесі, тәжуид қағидалары, ислам әдебі мен көркем мінез негіздері оқытылып, имандылыққа баулуға арналған жүйелі дәрістер жүргізіледі. Сонымен қатар, балалардың танымдық көкжиегін кеңейту мақсатында түрлі рухани-мәдени, спорттық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Салтанатты ашылу барысында мешіт ұстаздары қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жазғы демалысты тиімді пайдаланып, білім мен тәрбиені қатар меңгеруге шақырды.
«Имани жаз – 2026» жобасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен оқу-әдістемелік бағдарлама негізінде жүзеге асырылып, жас буынның дәстүрлі діни құндылықтарды терең меңгеруіне және рухани дамуына мүмкіндік береді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы