Center Image
IHSAN.KZ
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы Қарағанды қалалық Әл Ғаффар мешітінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.

Іс-шара қасиетті Құран аяттарының оқылуымен басталды. Мешіт шәкірттерінің бірі Алланың кәләмін оқып, жиынға ерекше рухани әсер сыйлады. Одан кейін мешіт имамдары балаларды мерекемен құттықтап, ақ баталарын берді.

Мереке барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен белсенді қатысты. Сонымен қатар балаларға арнайы түскі шай дастарханы жайылып, мерекелік ас берілді.

Әрбір балаға балмұздақ пен түрлі ойыншықтар сыйға тартылды.

Сондай-ақ діни-танымдық викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген балалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Балалардың қуанышына ортақ болып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған бұл игі шара жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне көңіл бөлудің және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz