1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай аудандық мешітінде дәстүрлі «Имани жаз – 2026» сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті.
Жазғы демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуді мақсат еткен бұл курс балаларға Құран әліппесін үйретіп, діни сауатын арттыруға, әдеп пен адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған. Курс барысында шәкірттер ислам негіздерімен танысып, ұлттық және рухани тәрбие алады.
Курстың алғашқы күні балаларды қорғау мерекесіне орай жас шәкірттерге ерекше көңіл бөлінді. Мешіт ұжымы балаларға балмұздақ пен түрлі сусындар таратып, мерекелік сый жасады. Балалардың қуанышына ортақ болған бұл шара олардың көтеріңкі көңіл-күймен білім алуларына ықпал етті.
Абай аудандық мешітінің қызметкерлері мен ұстаздары ата-аналарға көрсеткен сенімдері үшін алғыс білдіріп, барлық шәкірттерге берекелі білім, жарқын жетістіктер тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы