Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде жазғы курс шәкірттері қолөнермен айналысты
Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде жазғы курс шәкірттері қолөнермен айналысты

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері  тәрбиелік-танымдық сабақ аясында  түрлі қолөнер бұйымдарын жасады.

Шара барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қиялдарын іске асырып, түрлі бейнелер мен композициялар құрастырды. Қолөнер сабағы шәкірттердің ұсақ моторикасын дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталды.

Сабақ барысында ұстаз шәкірттерге ұйымшылдықтың, ұқыптылықтың және әрбір істі жауапкершілікпен атқарудың маңызын түсіндірді. Балалар белсенділік танытып, өз туындыларын көпшілікке таныстырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мұндай тағылымды шаралар жазғы діни сауат ашу курсы аясында шәкірттердің рухани тәрбиесімен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытуға да оң әсерін тигізуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz