Center Image
IHSAN.KZ
Ағадыр кентінде “Балдәурен балалар сайысы” ұйымдастырылды
Ағадыр кентінде “Балдәурен балалар сайысы” ұйымдастырылды

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған “Балдәурен балалар сайысы” өткізілді.

Мерекелік шара барысында балалар қазақтың ұлттық ойындары бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, асық ату, садақ ату, қол күресі, аударыспақ, арқан тарту, қой көтеру және қымыз ішуден жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар ептілік пен күш-жігерлерін көрсетті.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, салт-дәстүрімізді насихаттау және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды.

Аталған іс-шараға Ағадыр кентіндегі “Иса молла” мешітінің бас имамы Нұржан Оңғарұлы қатысып, балаларға ақ батасын берді. Сонымен қатар, жас жеткіншектерге ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу және ұлттық құндылықтарды қастерлеу жайында насихат айтып, олардың жарқын болашағына тілектестігін білдірді.

Мерекелік сайыс соңында қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, ұлттық ойындардың маңызы кеңінен насихатталды. Бұл игі шара балалардың рухани тәрбиесіне оң ықпал етіп, олардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыра түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz