Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебай Нұризаттың ұйымдастыруымен жамағатқа арналған тәжуид сабағы өз жұмысын бастады.
Сабақ барысында шәкірттер Құран әліппесіндегі әріптердің махражы мен сипаттарын терең меңгеріп, Құран Кәрімді дұрыс әрі көркем оқудың негізгі қағидаларын үйренуде. Дәрістер Айман Сүэуейттің авторлығындағы «Тереңдетілген тәжуид» кітабы негізінде жүргізілуде.
Аталған оқу курсының мақсаты – Құран оқуда жиі кездесетін қателіктердің алдын алып, әрбір әріптің шығу орны мен ерекшеліктерін дұрыс меңгерту, сондай-ақ шәкірттердің діни сауатын арттыру. Сабаққа қатысушылар тәжуид ілімінің теориялық және практикалық негіздерін қатар игеріп, ұстаз жетекшілігімен тұрақты түрде жаттығулар жасауда.
Мешіт ұжымы барлық ниет білдіруші жамағатты Құран ілімін үйренуге шақырып, мұндай тағылымды дәрістердің алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы