Center Image
IHSAN.KZ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ

4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде “Имани жаз-2026” жазғы діни сауат ашу курсында діни білім алып жатқан жас жеткіншектерге арналған ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбие- танымдық шара ұйымдастырылды.

Шара барысында алдымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында балаларға қазақ халқының ұлттық ойыны – асық ату таныстырылып, оның ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ шәкірттер ұлттық мұрамызды дәріптейтін ойынға белсене қатысып, ойнау тәсілдерін меңгерді.

Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен балаларға тәттілер үлестіріліп, Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Туы таратылды.

Шара барысында жас буынға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы түсіндіріліп, рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылды. Балаларға отансүйгіштік рух пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы кеңінен насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz