Center Image
IHSAN.KZ
Жеткіншектерге мемлекеттік рәміздердің маңызы түсіндірілді
Жеткіншектерге мемлекеттік рәміздердің маңызы түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай жас жеткіншектерге арналған тағылымдық шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық құндылықтарды құрметтеу жайында насихат айтылды.

Шара соңында бүлдіршіндерге «Қазақстан» шоколады тарту етіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz