Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қасиетті рәміздер – елдігіміздің белгісі» атты танымдық іс-шара өтті.
Шара барысында балаларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы түсіндіріліп, рәміздерді пайдалана отырып түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мешіт шәкірті Жанарыс қазақтың күй өнерінен «Жастар» күйін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Іс-шара аясында балалар Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, патриоттық рухтағы өнерлерін көрсетті.
Мұндай тағылымды шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы