ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай
қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Халелов Ерлан Мамайұлы Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс
қажы» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды
облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы
Нұрбол Әділмұрат жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы
қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін Осакаровка ауданы, Молодежный
кенті мешітінің имамы қызметін атқарған Ерлан Мамайұлының
қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты
атқарарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде бұған дейін имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Рүстем Мұратұлының жасаған жұмыстары үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, иығына қазақы құрметпен шапан жапты.
Халелов Ерлан Мамайұлы
1979-жылы 26-мамырда
ШҚО, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- Алматы
қаласы, Имамдардың біліктілігін жетілдіру ислам институты, имам-хатиб
факультеті, 2008–2009 жж;
- «Облыс
имамдарының мемлекеттік дін саясаты саласындағы құқықтық-саяси білімдерін
арттыру», 2014 жылғы 14–20 маусым.
- «Дін
мәселелері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігін арттыру», 2015
жыл, ақпан.
- «Облыс
имамдарының мемлекеттік дін саясатындағы құқықтық-саяси біліктіліктерін
арттыру», 2015 жыл, сәуір.
- «Дін
мәселелері бойынша ақпараттық-насихат топтары қызметін жетілдіру».
Еңбек тәжірибесі:
- 2006–2009жж ШҚО,
Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық мешітінің молдасы;
- 2009-2011
жж ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылдық мешітінің имамы;
- 2011-2013
жж Өскемен қаласы орталық мешітінің молдасы;
- 2013-2015
жж.ШҚО, Күршім аудандық мешітінің имамы;
- 2015-2016
жж ШҚО, Зайсан аудандық мешітінің имамы;
- 2016–2017
жж Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Молодежный кенті мешітінің наиб имамы;
- 2017
-жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы,
Молодежный кенті мешітінің имамы қызметін атқарды.
Үйленген, 2 баласы бар.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы