ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Қобыланды Асхат Саянұлы Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жаңа дін қызметкерін жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Асхат Саянұлы бұған дейін Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған болатын.
Қобыланды Асхат Саянұлы
2002-жылы 10-қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылында дүниеге келген.
Білімі:
Астана қаласы. «Астана» медресе-колледжі, 2021-2024ж.ж.
Еңбек тәжірибесі:
- 2024-2025ж.ж. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылдық мешітіның имамы;
- 2025-жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы