Center Image
IHSAN.KZ
АҚЖАЛДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
АҚЖАЛДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Шет ауданына қарасты Ақжал кенті мешіті имамының ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2026» атты жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Қазіргі таңда курсқа қатысушы балалардың алғашқы легі келіп, діни дәрістер алуда. Сабақ барысында шәкірттерге Құран әліппесі, иман негіздері, құлшылық әдебі және ислам дінінің көркем құндылықтары үйретілуде.

Аталған курс жас буынның рухани тәрбиесін нығайтып, діни сауатын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz