Қарағанды қалалық Төлеутай ата мешітінде «Имани жаз» діни сауат ашу курсының шәкірттеріне қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында балаларға тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы, ережелері мен тәрбиелік маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, шәкірттер ұлттық ойынның қыр-сырымен танысып, өзара ойын ойнап, тәжірибе жинақтады.
Шараның мақсаты – жас буынның ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және ата-бабадан қалған рухани мұраны дәріптеу
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы