Абай ауданына қарасты Топар кенті Жұмабек Тәшен мешітінде «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы жалғасуда.
Курс барысында мешіт имамы Мұрсәли Қаленұлы шәкірттерге Құран әліппесі, діни білім негіздері, имандылық пен көркем мінез тақырыптарынан дәріс өткізуде. Сонымен қатар, балаларға ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды насихаттар айтылып, түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған курс жас буынның діни сауатын арттырып, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған. «Имани жаз – 2026» бағдарламасы аясындағы сабақтарға қатысушы шәкірттердің қатары күн сайын артып келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы