Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы мешіт жастарына жат ағымдардың зардабы мен оның алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында имам жат ағымдардың қоғамға және жеке адамға тигізетін зияны, діни сауаттылықтың маңызы және дұрыс діни білім алудың қажеттілігі туралы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жастарды теріс идеологиялардан сақтану, сенімді дереккөздерге жүгіну және діни мәселелерде мамандарға жүгіну керектігі айтылды.
Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, имам тарапынан нақты жауаптар берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы