Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әр бейсенбі сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі басқосу «Ұсақ жаратылыстан ұлы хикмет» тақырыбында жаңа форматта өз жалғасын тапты.
Шараның мақсаты – жамағаттың рухани танымын кеңейту, жаратылыстағы Алланың хикметтерін түсіндіру және діни білімді арттыру болды.
Кездесу барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатқа насихат айтып, ұсақ жаратылыстар арқылы Алланың ұлылығын тану, табиғаттағы үйлесім мен тәртіп туралы кеңінен түсіндірді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, имам нақты жауаптар берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы