Осакаров ауданының мешіт имамы Құдайберген Серікұлы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу тақырыбында насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында дәстүрлі діннің құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, жат ағымдардың белгілері мен олардың кері әсері түсіндіріліп, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды.
Іс-шараға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тақырып аясында өзара пікір алмасты. Кездесу жастар мен қоғам мүшелерін жат діни идеологиялардың ықпалынан сақтандыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы