Шет ауданына қарасты Күмісбек молда мешітінің ұйымдастыруымен тасаттық беру шарасы өтті.
Шара барысында ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты бір жерге жиналып, елдің амандығы, жердің берекесі мен жауын-шашынның мол болуы үшін дұға жасады. Сонымен қатар, көпшілікке насихат айтылып, бірлік пен татулықтың маңызы жөнінде уағыз-өнеге берілді.
Тасаттық – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл шара жұртшылықты ауызбіршілікке шақырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы