Center Image
IHSAN.KZ
Мәшһүр Жүсіп кесенесі мен Қоңыр әулиеге зиярат ұйымдастырылды
Мәшһүр Жүсіп кесенесі мен Қоңыр әулиеге зиярат ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері Мәшһүр Жүсіп бабамыздың кесенесі мен Қоңыр әулие үңгіріне зиярат жасады.

Зиярат барысында қатысушылар халқымыздың рухани мұрасымен танысып, бабалар рухына Құран бағыштап, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Шараның мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау және тарихи-мәдени мұраға деген құрметті арттыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz