Қарағанды қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Халал – шариғат талабы» атты имамдарға арналған семинар өтті.
Семинарға өңір имамдары мен жауапты мамандар қатысты.
Семинрға «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне шариғаттағы халал талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, халал индустриясының қазіргі ахуалы, халал өнімдерге қойылатын шариғи талаптар, сертификаттау және кәсіпорындармен жұмыс жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу соңында «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы халал талаптарына сәйкестігі расталған бірқатар кәсіпорындарға халал куәліктерін табыстады.
Семинар қатысушылары халал саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы