Center Image
IHSAN.KZ
РАНТ мүшесі «Әл Ғаффар» мешітінің жамағатымен жүздесті
РАНТ мүшесі «Әл Ғаффар» мешітінің жамағатымен жүздесті
ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Медет Құрмашұлы Қарағанды қаласындағы Әл Ғаффар мешіті жамағатымен кездесіп, «Дін мен дәстүр» тақырыбында насихат жүргізді.

Кездесу барысында спикер ислам дінінің құндылықтары мен халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің өзара сабақтастығы жөнінде кеңінен баяндап, ұлттық болмыс пен рухани мұраны сақтау мәселелеріне тоқталды.

Насихат барысында дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы емес, керісінше ұлттың рухани келбетін қалыптастыратын өзара үндес құндылықтар екендігі айтылды. Сондай-ақ ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор болу, ағайын арасындағы татулық пен бауырмалдық секілді асыл қасиеттердің шариғатта да, қазақ дәстүрінде де ерекше орын алатыны жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, рухани тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Жиналған қауым тағылымды насихаттан рухани әсер алып, пайдалы мәліметтерге қанықты.

Іс-шара ақ дастархан басындағы еркін сұхбатпен жалғасып, жамағат арасында бірлік пен бауырластықты нығайтуға сеп болды. Мұндай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамның рухани тұтастығын қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz