Center Image
IHSAN.KZ
Әл Ғаффар мешітінде Әбу Ханифа мәзһабы туралы дәріс өтті
Әл Ғаффар мешітінде Әбу Ханифа мәзһабы туралы дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде жамағатқа Әбу Ханифа мәзһабы туралы түсіндірме дәріс өткізілді.

Дәріс барысында жамағатқа исламдағы төрт мәзһабтың орны мен маңызы, сондай-ақ халқымыз ұстанып келе жатқан Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері кеңінен баяндалды. Мәзһаб ұстанудың мәні, шариғи үкімдерді түсінудегі рөлі және мұсылмандар арасындағы бірлік пен ынтымақты сақтаудағы маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар, Әбу Ханифа мәзһабының Құран мен сүннетке негізделгені, оның ғасырлар бойы мұсылман үмбетінің сенімді құқықтық мектебі ретінде қалыптасқаны айтылды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дәстүрлі діни танымға қатысты пайдалы мәліметтер ұсынылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz