Center Image
IHSAN.KZ
Сарыарқа телеарнасында ел бірлігі мәселесі сөз болды
Сарыарқа телеарнасында ел бірлігі мәселесі сөз болды

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы Сарыарқа телеарнасындағы «Прошу слова» ток-шоу бағдарламасына қатысып, «Казахстанская идентичность: что нас объединяет?» тақырыбында өз пікірін білдірді.

Бағдарлама барысында қоғамдағы бірлік пен келісім, ұлттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық бірегейліктің маңызы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ көпұлтты еліміздегі татулық пен өзара сыйластықтың қоғам тұрақтылығын нығайтудағы рөлі сөз болды.

Әсет Наурызбайұлы өз сөзінде халқымыздың рухани мұрасы, салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтары ел бірлігін бекемдейтін негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастар тәрбиесі, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Ток-шоу барысында қатысушылар Қазақстан халқын біріктіретін ортақ құндылықтар төңірегінде ой бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Бағдарлама көрермендерге ел бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау бағытында маңызды ой салды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz