Қарағанды облысына қарасты Осакаровка аудандық мешітінде аймақ жамағатымен арнайы кездесу өтті.
Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қонысбек Құмарұлы арнайы қатысып, ауданның бас имамы Құдайберген Серікұлымен бірге өңір тұрғындарымен жүздесті.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен өңірдің діни ахуалы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жастар тәрбиесі, діни тұрақтылықты сақтау және бірлікті нығайту мәселелері сөз болды.
Жиын барысында қатысушыларға тағылымды насихат айтылып, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызы түсіндірілді. Жамағат көкейіндегі сұрақтарына тұщымды жауап алып, келелі кездесудің берері мол болғанын жеткізді.
Кездесу соңында қасиетті Құран Кәрім оқылып, еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы