ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог маман Нұрбек Қанатұлы және Қарағанды облысы бойынша жергілікті өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы Қарағанды қаласындағы Ақнар ЖШС құс фабрикасында жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорынның халал стандарт талаптарын сақтау деңгейі, өндірістік үдерістердің жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланды.
Аудиттің негізгі мақсаты – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халал өндіріс талаптарының тұрақты сақталуын бақылау.
Тексеру нәтижелері бойынша Ақнар құс фабрикасына тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарының орындалуы қадағаланады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы