Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай мешітінде жат ағымның зардабы түсіндірілді
Ақтоғай мешітінде жат ағымның зардабы түсіндірілді

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мешітінде жамағатқа арналған кезекті уағыз-насихат шарасы өтті. Басқосу барысында мешіт ұстазы Дархан Әшімханұлы «Жат ағымның отбасыға зияны» тақырыбында дәріс оқып, деструктивті діни ағымдардың қоғам мен отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсерлері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Уағыз барысында отбасының қоғамның негізгі тірегі екені айтылып, жат ағымдардың ықпалына түскен жандардың ата-анаға құрмет көрсету, туыстық қатынасты нығайту, үлкенді сыйлау секілді ислам дінінің асыл құндылықтарынан алыстап кету қаупі бар екені сөз болды. Сонымен қатар, мұндай теріс идеологиялардың отбасы мүшелері арасындағы түсіністік пен татулыққа сызат түсіріп, берекелі өмірге кері әсер ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында ұстаз жамағатты діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алуға, дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстануға және отбасы татулығын сақтауға шақырды. Шара қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтермен сусындады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz