Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде жастарға ілім алудың әдептері түсіндірілді
«Бала қажы» мешітінде жастарға ілім алудың әдептері түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жастарға арналған «Ілім алудың әдептері» тақырыбында уағыз-насихат өткізілді.

Шара барысында мешіт ұстазы ілім іздеудің маңыздылығы мен білім алудағы шынайы ниеттің рөліне тоқталып, ғылым жолындағы әрбір жастың жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар ұстазға құрмет көрсету, уақытты тиімді пайдалану, алған білімді өмірде дұрыс қолдану және оны ізгі амалдармен толықтыру мәселелері жан-жақты баяндалды.

Уағыз кезінде жастарға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеудің маңызы айтылып, діни білімді тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ дәстүр мен діннің сабақтастығы, қоғамдағы рухани тәрбиенің орны жөнінде пайдалы мәліметтер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара жастардың діни сауатын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz