Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағын жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған игі бастама аясында мешіт ауласына қосымша жарық шамдары орнатылып, келушілердің қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда құлшылық жасауына жағдай жасалуда. Сонымен қатар мешіт орналасқан көше бойына және мешіт маңайына арнайы көше жарық шамдарын орнату жұмыстары қолға алынды.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – мешіт аумағының көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар мен жамағат үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Жарықтандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін мешіттің айналасы түнгі уақытта да жарық болып, келушілерге қолайлы жағдай жасалмақ.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы