Теміртау қаласы Ақтау кенті мешітінің имамы Жомабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен мешітте күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жөндеу жұмыстары аясында мешіттің намазханасы мен асханасы толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай жөндеуден өткізілуде. Бұл жұмыстар жамағатқа қолайлы жағдай жасап, құлшылық үйінің көркін арттыру мақсатында қолға алынған.
Мешіттің ішкі бөліктерін жаңғырту арқылы келушілер үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы