Қарағанды қаласындағы Ар-Рахман мешіті жанынан ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілді.
Ізгі шара барысында мұқтаждық көріп отырған бес отбасыға азық-түлік себеттері табысталып, олардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге жәрдем берілді. Бұл бастама қоғамдағы өзара жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталған.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Осындай игі істер қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың нығаюына оң ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы