Қарағанды қалалық Ар-Рахман мешіті жанынан құрылған жастар секторының ұйымдастыруымен табиғат аясында «Жас толқын дала семинары» атты танымдық-тәжірибелік семинар-тренинг өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өзара ынтымақтастық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар үшін рухани-танымдық дәрістер, тәжірибелік тренингтер, топтық тапсырмалар және тимбилдинг бағытындағы ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жастардың жеке тұлғалық дамуына, қоғамдық белсенділігін арттыруға және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды пікір алмасулар өткізілді.
Табиғат аясында өткен семинар жастардың бейресми ортада еркін қарым-қатынас орнатуына, жаңа тәжірибе жинақтауына және өзара достық байланыстарын нығайтуына мүмкіндік берді. Қатысушылар ұйымдастырылған бағдарламалардың тәрбиелік әрі танымдық маңызын жоғары бағалап, осындай форматтағы кездесулердің жас буынның жан-жақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарды қоғам игілігі жолындағы белсенді қызметке, білім мен ізгілік құндылықтарын насихаттауға шақырып, қатысушыларға алғыстарын білдірді. «Жас толқын дала семинары» жастардың рухани дамуы мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде өз мақсатына жетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы