Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жас толқын – дала семинары» аясында жеткіншектерге арналған танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар зоосаябаққа барып, түрлі жануарлар мен құстарды тамашалады. Саяхат барысында оларға табиғатты қорғау, жануарларға қамқорлық жасау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы пайдалы мәліметтер берілді.
Мұндай танымдық шаралар жас буынның дүниетанымын кеңейтіп, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған саяхаттан ерекше әсер алып, өзара достық қарым-қатынастарын нығайтты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы