Абай аудандық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жеткіншектер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арқан тартыс ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық спорт түрінен бақ сынап, ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті. Арқан тартыс ойыны жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, достық қарым-қатынасты нығайтуына және ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Шара соңында белсенді қатысқан жеткіншектерге алғыс айтылып, игі тілектер білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы