Center Image
IHSAN.KZ
«Маса: Құрандағы мысалдар» кітабы талқыланды
«Маса: Құрандағы мысалдар» кітабы талқыланды

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешіті әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен маусым айының кезекті кітап талқысы өтті. Бұл жолғы рухани басқосудың өзегі – Шежімбай Бағланның «Маса: Құрандағы мысалдар» атты тағылымды еңбегі болды.


Кітап талқысына қатысқан шәкірттер қасиетті Құран Кәрімдегі мысалдардың терең мағынасы мен тәрбиелік мәні төңірегінде ой бөлісіп, туындының мазмұнын жан-жақты саралады.


Талқылау барысында қатысушылар Құранда келтірілген маса мысалы арқылы адамзатқа ұсынылған ғибраттар мен рухани ақиқаттарға тоқталып, Ұлы Жаратушының хикметіне қатысты құнды пікірлер айтты. Сонымен қатар шәкірттер аталған кітаптың Құран аяттарын тереңірек түсінуге, имандылық пен көркем мінезді қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.


Кездесу барысында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, кітаптың жастар тәрбиесіндегі орны мен қоғамға берер пайдасы кеңінен сөз болды. Қатысушылар өздерінің әсерлерімен бөлісіп, мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.


Маусым айындағы бұл кітап талқысы шәкірттердің рухани танымын кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырған тағылымды әрі берекелі жиын болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz