Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен жастарға арналған «Жас толқын – дала семинары» атты тағылымды іс-шара өтті. Семинардың басты мақсаты – жас буынның рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ислам дінінің адамгершілік қағидалары, жастар тәрбиесі, отансүйгіштік пен жауапкершілік туралы насихат айтылды. Семинар аясында түрлі танымдық кездесулер ұйымдастырылып, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар, семинар бағдарламасы спорттық шаралармен де жалғасты. Жастар арасында футболдан достық кездесу өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Тартысты өткен ойын жастардың ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы